Бакуде қарулы адамды ұстамақ болған үш полицей мерт болды
Бакуде күдікті адамды ұстамақ болған үш полиция қызметкері мен бір бейбіт тұрғын қаза тапты. «24 маусымда Бакудің Хазар ауданы Шувалан ауылында бірнеше рет сотталған, іздеуде жүрген Аллавердиев Ровшан Огтай оглы (1986 ж.т.) тұтқындау кезінде полиция қызметкерлеріне қарулы қарсылық көрсеткен. Салдарынан бір бейбіт тұрғын мен үш полиция қызметкері қаза тапты», - делінген бірлескен мәлімдемеде, - деп хабарлайды Arbat.media.
Мәлімдемеде шабуылшының қасында болған отбасы мүшелерінің артына тығылмақ болғаны және мүмкіндікті пайдаланып, «Ланкастер» аңшы мылтығымен полицияға оқ жаудырғаны баса айтылған, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Полиция қызметкерлері Аллавердиевті залалсыздандырды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, делінген ведомствоның бірлескен хабарламасында.