Бішкектегі жатақханада болған жаппай төбелеске қатысты қылмыстық іс қозғалды
Бішкекте Үндістан азаматының қылығына қатысты жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Үндістан азаматтары жатақханада қырғызстандық азық-түлік жеткізуші курьерді ұрып-соққан. Ақпарат әлеуметтік желілерге тез тарап, жүздеген адам көшеге шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Жатақханаға 100-ден астам адам келіп, сол Үндістан азаматтарын іздеп, шетелдіктерге шабуыл жасай бастады.
Наразылық білдірушілер қатары көбейіп, жиналғандар жатақхананың есік-терезесін сындыра бастады.
Тәртіпсіздік пен тонау туралы хабарланды.
Қауіпсіздік күштері жолды қоршауға алды.
Құрманжан Датки көшесі мен Шу даңғылының қиылысында мыңға жуық адам жиналып, су атқыштар көрінді.
Бішкектегі жатақханада болған жаппай төбелеске қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Ұсталған шетелдіктер қырғыз халқынан кешірім сұрап, мұндай жағдай енді қайталанбайды деп уәде беріп отыр.
Мыңдаған адам Шу даңғылының жолын жауып тастады. Шетелдіктерге жасалған шабуылдар мен пәкістандық студенттерді өлтіру фактілері тіркелді.
«Будённый көшесіндегі үйдің жанында жатақхана қонақтары арасында төбелес болғаны анықталды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы Свердлов аудандық ІІБ-нің тергеу қызметіне жеткізіліп, олар арыз жазды. Аталған факті Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің «Бұзақылық» бабы бойынша тіркелді. Тергеу жалғасуда», - деді полиция департаментінен.