Испанияда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салынады
Испанияның премьер-министрі Педро Санчес 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына тыйым салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Айтуынша, енді платформалар жас мөлшерін анықтаудың тиімді жүйелерін енгізуге міндетті болады. Осылайша Испания билігі кәмелетке толмағандарды цифрлық қауіп-қатерден қорғауды мақсат етіп отыр.
Испания министрлер кеңесі бұл тыйымды келесі аптада мақұлдайды деп күтілуде. Жаңа түзету 16 жасқа толмағандарға цифрлық платформаларда тіркелуге тікелей тыйым салады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: