ЕуразияКеше, 17:41

Екатерина Биволға қатысты тың дерек шықты

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің құқықтық статистика интернет-порталында Екатерина Биволға қатысты ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, 1990 жылы туған Екатерина Игоревна Биволға іздеу салынғаны туралы ақпарат 1 қарашада Астанада тіркелген.

Оны іздестіруге Қазақстан ІІМ бастамашы болды. Іздестіруді Байқоңыр ауданының полиция басқармасы жүргізеді.

Сондай-ақ, Екатерина Бивол ТМД азаматы екені көрсетілген.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР ІІМ Екатерина Биволға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, іздеу жарияланғанын хабарлаған еді. Ол қырғыз бен қазақ және өзге де ұлттарға тіл тигізгені үшін айыпталып отыр.

Екатерина Бивол Бас прокуратура Қамау түрме
Кеше, 14:25 Қазақстан жаңалықтары
2 қараша 2025 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 13:48 Еуразия

Тақырыпқа жаңалықтар