ЕуразияКеше, 13:54

Еуропаны қалың қар басуы салдарынан 6 адам қаза тапқан

BBC агенттігінің хабарлауынша, Еуропада қалың қар жауып, арты көктайғаққа ұласқан. Көлік қозғалысы қиындап, орын алған әр түрлі апат салдарынан алты адам қаза тапқан, деп хабарлайды Arbat.Media.

Құрлықтың бірнеше елінде әуе рейстері кейінге шегеріліп, көптеген жолаушы Париж бен Амстердам әуежайларында қалып қойған. Бірқатар өңірде теміржол тасымалына да шектеу қойылған.

«Францияның оңтүстік-батысындағы Ланд департаментінде көктайғақ салдарынан екі бөлек оқиға кезінде үш адам, Парижде тіркелген жол-көлік оқиғаларынан тағы екі адам көз жұмды. Тағы бір жағдайда қар салдарынан такси бордюрге соғылып, Марна өзеніне құлап кеткен. Балқан түбегінде де қар жауып, нөсер жаңбыр байқалды. Дүйсенбі күні Босния астанасы Сараевода үстіне қардан ауырлаған ағаш құлап, бір әйел қаза тапты», - деп хабарлаған жергілікті билік өкілдері.

Ал Францияның ұлттық метеорологиялық қызметі ауа райының қауіптілік деңгейін «қызғылт сары» деңгей деп жариялаған.

Еуропа Көлік Адам боран

Тақырыпқа жаңалықтар