Францияның экс-президенті Саркози сотталды
Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози сайлау науқанын заңсыз қаржыландыру ісі бойынша сотталып, Париждегі Ла Санте түрмесіне келді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қыркүйек айында сот Саркозиді 2007 жылғы сайлау кезінде Ливия билігінен заңсыз ақша алғаны үшін кінәлі деп тапты. Бұрынғы президент бес жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, 100 мың еуро айыппұл төлеуге міндеттелді. Бес жыл бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды.
70 жастағы экс-президент бүгін, 21 қазаннан бастап түрмеге тоғытылды.
Ол кетер алдында X желісіне былай деп жазды:
«Бүгін таңертең бұрынғы президент емес, жазықсыз адам темір тордың артына отырды».
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: