Грузияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Түркияның С-130 әскери-көлік ұшағы Грузия мен Әзірбайжан шекарасында апатқа ұшырады. Бортта 20 әскери қызметкер болған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Түркия Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ұшақ ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай байланыс үзілген. Ұшақ Грузияның Сигнаги муниципалитетінің шекарасынан бес шақырым жерде құлады.
Апат болған жерде үш елдің құтқарушылары жұмыс істеді. Қаза тапқандардың нақты саны әлі айтылмады. «Ұшу қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Апаттың себептері анықталуда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия қарулы күштеріұшағының апатқа ұшырауына байланысты көптеген адамның қаза болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, президент Режеп Тайип Ердоған мен бауырлас түрік халқына көңіл айтты.