Еуразия10 наурыз 2026, 10:34

Иран Түркияға тағы бір зымыран ұшырды

Түркияның әуе қорғаныс жүйесі оны тағы да қағып түсірді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, зымыранды НАТО күштері қағып түсірді. Министрлік Түркияға бағытталған кез келген шабуылға жауап беретінін мәлімдеді.

Зымыранның кейбір сынықтары Сириямен шекараға жақын орналасқан Газиантеп өңіріндегі ашық жерге құлаған. Қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ.

Бұған дейін 4 наурызда алғаш рет Иран Түркияға қарай зымыран ұшырған еді. Олардың басты нысанасы НАТО-ның Инджирлик базасы болған. Кейін Иран президенті Түркия мен Әзербайжанға зымыран соққысын жасағанын жоққа шығарған.

Алайда бірнеше күннен соң ол көрші елдердан жасалған соққылар үшін кешірім сұрады.

түркия Зымыран Иран Апат
5 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
5 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
5 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар