Ирандық дрондар Әзірбайжанның Нахичевань әуежайына құлады
Әзірбайжанның Нахичевань әуежайына дрон шабуылы жасалды, деп хабарлайды Arbat.Media Әзірбайжанның APA агенттігіне сілтеме жасап.
Нахичевань әуежайына Иран жағынан ұшқан ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон) шабуыл жасаған. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.
Алдын ала мәлімет бойынша, әуежайға бағытталған дрон әуе қорғаныс күштері тарапынан атып түсірілген болуы мүмкін.
Сондай-ақ Нахичевань аумағына бірнеше дрон құлағаны туралы да хабар тарады. Мәліметтерге қарағанда, олардың бірі әуежайға шабуыл жасаған, ал тағы бірнешеуі өңірдің басқа жерлеріне құлаған.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: