Көлік жарылысынан 9 адам тіл тартпай кетті
Нью-Делиде көлік жарылып, 9 адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Үндістан астанасы Нью-Делидің туристер көп жүретін ауданында автокөлік жарылып, 9 адам қаза тапты, тағы 20 адам жараланды.
Оқиғаға байланысты «терроризмге қарсы күрес» заңы бойынша тергеу басталды.
Соңғы мәліметке сай, жарылған көліктің иесі ұсталған. Бұған дейін полиция Фаридабад қаласындағы үйлерден 3 тонна жарылғыш зат, оның ішінде бомба жасауға пайдаланылатын 350 кг аммиак селитрасын тәркілеген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: