ЕуразияБүгін, 13:45

Нью-Йорк соты Виктор Храпуновтың ұлын кінәлі деп таныды

Нью-Йорк соты Виктор Храпуновтың ұлын кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Arbat.Media.

АҚШ-тың Нью-Йорк Оңтүстік округі бойынша соты Алматы қаласы мен «БТА Банк» АҚ пайдасына шешім шығарып, Ілияс Храпуновты сотты құрметтемеу айыбымен кінәлі деп таныды.

Бұған дейін қабылданған $221,285.31 төлеу жөніндегі міндеттемеге қоса, Федералдық судья Джон Г. Кёлтл Храпуновтың өз активтері туралы тұрақты түрде есеп беруді міндеттеген соттың нақты әрі айқын бұйрығын бұзғанын анықтады. Мұндай есептерді ұсыну міндеті оған бұрын сотты құрметтемеу айыбы бойынша кінәлі деп танылғаннан кейін жүктелген болатын.

Жаңа сот шешіміне сәйкес, Ілияс Храпунов өз активтері және оған қарсы шығарылған сот шешімдерін орындау үшін ақша алуға жасалған әрекеттер туралы толық мәліметті тұрақты түрде ұсынуға міндетті. Бұл талап орындалмаса, оған қосымша қаржылық санкциялар қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ, Ілияс Храпунов Алматы қаласы мен БТА Банкке сотты құрметтемеуі салдарынан келген шығындарды өтуі тиіс.

Алматы Экс-әкім Жаза сот

Тақырыпқа жаңалықтар