Оңтүстік Кореяда өрт кезінде жоғалған қазақстандық табылмай жатыр
Оңтүстік Кореяда өрт кезінде жоғалған қазақстандық табылмай жатқаны айтылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сыртқы істер министрлігі мән-жайды айтты. 30 қаңтарда азық-түлік және сусындар өндіретін кәсіпорында өрт шығып, 81 жұмысшы эвакуацияланған.
Алайда екі жұмысшы, оның ішінде Қазақстан азаматы табылмады.
31 қаңтарда өртенген цехтың ішінен бір адамның мәйіті табылған.
Полиция қаза тапқан адамның кім екенін анықтап жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: