Placeholder
Фото: АҚШ-тың Өзбекстандағы елшілігі
AQŞ-tıñ Özbekstandağı elşiligi
Еуразия19 қыркүйек 2024, 11:00

Өзбекстан мен АҚШ маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ

Өзбекстан мен АҚШ пайдалы қазба байлықтар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған меморандумға қол қойды, Тиісті құжатқа ӨР Тау-кен өнеркәсібі және геология министрінің бірінші орынбасары Омонулло Насритдинходжаев пен АҚШ-тың Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Джонатан Хеник қой қойды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Келісімнің мақсаты - маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және басқа бағыттар бойынша байланыстарды дамыту. деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.

Бұл құжат геологиялық барлау, тау-кен өндірісі саласындағы АҚШ-Өзбекстан диалогын жалғастырудағы маңызды қадам болмақ», - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Германия канцлері Олаф Щольц ынтымақтастықты ілгерілететін 8 құжатқа қол қойған болатын.

Өзбекстан - АҚШ минералдар ынтымақтастық

Тақырыпқа жаңалықтар