Еуразия16 мамыр 2024, 18:12

Өзбекстан мен Қазақстан арасында жаңа автобус бағыттары ашылады

Өзбекстан Республикасының Көлік министрлігі мәлім еткендей, 2024 жылы Өзбекстан мен Қазақстан қалалары арасында 10 жаңа халықаралық автобус бағытын ашу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Екі ел тасымалдаушылары келесі маршруттар бойынша рейс жасайтын болады:

 

  • Самарқанд – Бішкек;
  • Бұхара – Бішкек;
  • Бұхара – Астана;
  • Самарқанд – Түркістан;
  • Бұхара – Түркістан;
  • Шахрисабз – Түркістан;
  • Самарқанд – Душанбе;
  • Бұхара – Душанбе;
  • Ташкент – Уфа;
  • Ташкент – Краснодар.

 

Ведомствоның соңғы мәліметі бойынша, Өзбекстаннан Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдеріне 37 бағыт бойынша 32 отандық және шетелдік тасымалдаушылардың 196 автобусы қатынайды.

2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында халықаралық автобус бағыттарында 173 мың жолаушы тасымалданды. Көрсеткіштер 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға өсті.

 

Өзбекстан мен Қазақстан жаңа бағыт автобустар

Тақырыпқа жаңалықтар