Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан бірлесіп су электр стансасын салмақ
Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан бірлесіп су электр стансасын салуды көздеп отыр. Жаңа су электр станциясы Орталық Азия елдерін энергиямен қамтамасыз етеді. Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан билігі жаңа су электр станциясын салатын компания құруға дайындалуда. Қырғызстандағы Нарын өзеніндегі Қамбар-Ата су электр станциясының жобасы басты назарда, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ұсынылған жоспарға сәйкес, жаңа электр стансасы өндіретін барлық электр қуатын Орталық Азия мемлекеттері сатып алады. Ынтымақтастық шарттары мен су электр станциясының ұйымдық құрылымы Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан үкіметтері бекітетін ресми келісімде қарастырылады.
Жаңа су электр станциясын басқару консенсус қағидасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл жоба аясында Қырғызстанда акционерлік қоғам құру жоспарлануда.
Бұған дейін бірлескен жол картасына Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстанның энергетика министрлері, атап айтқанда, Журабек Мирзамахмудов, Болат Ақшолақов және Таалайбек Ибраев қол қойған болатын.
Бұл құжат Қамбарты ГЭС құрылысы жобасын жүзеге асырудың барлық негізгі аспектілерін көрсетеді.