Өзбекстанда 8 тонна палау пісірілді
Әндижан облысы Избоскан ауданы Гүлстан тұрғын үй алабында 8 тонна палау пісірілді.
Бұл туралы andijon_bugun Telegram-арнасы жариялады.
Өзбекстанның Конституция мерекесіне арналған бұл жауапты жұмысқа 40 аспаз жұмылдырылды.
Палауға орта есеппен 2000 келі күріш, 1000 келі сиыр мен қой еті, 800 келі мақта мен күнбағыс майы, 2500 келі сәбіз қосылған.
Фото: facebook.com/Abdurahmonov Yahyobek
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: