Өзбекстанда әйел кішкентай балаларды өртеп жіберем деп қорқытты
Әлеуметтік желіде Өзбекстанда әйелдің 3 кішкентай бүлдіршінге қатыгездік көрсетіп, өртеп жіберемін деп тікелей қорқытқан видеосы тарап кетті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Өзбекстан Балалар омбудсменінің баспасөз қызметі бұл жағдайға түсініктеме берді.
«Бұл жағдай Хорезм облысының Үргеніш ауданында болды. Қазіргі уақытта жағдайды толық анықтау үшін Ішкі істер органдары жедел тергеу жұмыстарын бастады. Бұл оқиғаны Балалар омбудсмені ерекше бақылауға алды», - делінген хабарламада.
Балаларға қатысты мұндай қылмыстық әрекеттерді олардың ата-аналары немесе басқа жақын туыстары жасағанына қарамастан, кінәлі тұлғалардың заңға сәйкес жауапқа тартылуы қамтамасыз етіледі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: