Өзбекстанда инспекторды соққыға жыққандар қамауға алынды
Самарқанда жанжал туралы шағыммен пәтерге барған инспекторды үй иелері ұрып-соққан, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Gazeta.uz сайты жария етті.
Профилактикалық инспекторға тиесілі көліктің терезелерін де шаққан.
Қылмыстық іс қозғалып, 2 азамат қамауға алынды.
Сол күні Бунёд кентінде тұратын азамат пәтердегі төбелес туралы хабарлап, инспекторды жіберуді сұрап, инспектор А.Т. шақырту түскен мекенжайға барған.
«Ол жерде инспектор сотталған азаматтар М.Р., оның әпкесі, күйеуі және ағасы өзара жанжалдасып жатқанын көріп, оларды ажыратып, жанжалды тоқтатуға әрекеттенген. Алайда олар инспекторды ұрып-соғып, денесін жарақаттаған. Сондай-ақ инспектордың көлігінің алдыңғы терезесін сындырып, материалдық шығын келтірген», – делінген ІІБ хабарламасында.
Аталған азаматтарға қатысты Қылмыстық кодекстің 219-бабының 2-бөлігі (Билік өкіліне немесе оның азаматтық борышын өтеп жүрген адамға қарсылық көрсету) бойынша қылмыстық іс қозғалды.