Еуразия26 қараша 2023, 12:00

Өзбекстанда мешіттегі садақа жәшігін ұрлап кеткен

Өзбекстанда Қоштепа ауданының «Сармазор» мешітіне көлікпен келген белгісіз біреулер садақа жәшігін алып кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Ферғана облысы ІІБ баспасөз қызметі таратты.

«Жедел іс-шаралар барысында Э.Н. өзінің көлігімен сағат 02:12–де Б.В. және С. А. есімді сыбайластарымен бірге „Сармазор“ мешітінің алдына қойылған, ішінде 80 000 сумы (шамамен 3000 теңге — ред.) бар садақа жәшігін алып кеткен», - делінген ІІБ хабарламасында.

Садақа жәшігі айғақ ретінде алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Өзбекстан садақа жәшігі ұрлық Қылмыстық іс
25 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
24 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
24 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
25 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар