ЕуразияБүгін, 18:42

Өзбекстанда педофил тұрмеден қашып шығып, 3-сынып оқушысын зорлаған

Өзбекстанда педофил тұрмеден қашып шығып, 3-сынып оқушысын зорлаған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ер адам жазасын Ташкент облысы Аханғаран ауданындағы колонияда өтеп жатқан. Онда ол жергілікті компанияның меншігіндегі жерге жұмысқа орналасқан.

Полиция мәліметінше, тұтқынды тұрғындар егістік алқабында оқиға орнында ұстап, құқық қорғау органдарына тапсырған. Оның үстінен жаңа қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Қыздың жағдайы туралы ресми ақпарат жоқ.

Айта кетейік, ол 7 жыл бұрын жасөспірімді зорлағаны үшін сотталған.

Өзбекстан Педофиль мектеп оқушысы Зорлық

Тақырыпқа жаңалықтар