Еуразия8 желтоқсан 2023, 9:43

Өзбекстанның үш университеті әлемдегі үздіктер рейтингіне енді

QS Sustainability Rankings – 2024 әлемдегі үздік университеттер рейтингіне үш өзбекстандық жоғары оқу орны енді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Рейтингіге 95 елдің 1 397 оқу орны кірген, арасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару жүйесін ұйымдастыру және орнықты даму мақсаттарын орындауда жоғары нәтиже көрсеткен Өзбекстанның үш университеті бар.

Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты 701-орынға жайғасты.

И. Кәрімов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университеті 1101-орынға тұрақтаса, Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті 1201-орында.

Рейтингінің көшін Торонто университеті бастап тұр.

Екінші орында — Берклидегі Калифорния университеті, үздік үштікті Манчестер университеті түйіндеп тұр.

Үздік оқу орындарының тізіміне АҚШ-тың — 209, Ұлыбританияның — 93 және Қытайдың 90 университеті енген. 

 

Өзбекстан Әлем рейтинг университет

Тақырыпқа жаңалықтар