ЕуразияБүгін, 10:25

Президенттікке кандидат саясаткер көз жұмды

Колумбияда президенттікке үміткер болған Мигель Урибе Турбай қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.Media. 

39 жастағы сенаторды 2 ай бұрын сайлаушылармен кездесу кезінде атып кетті. Басына екі рет оқ тиген кандидаттың беті бері қарамай, жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Қастандық 7 маусымда Фонтибон метрополитенінде болған. Бұған дейін саясаткер Fundación Santa Fe клиникасында ауыр халде жатты. Дәрігерлер Мигель Урибе Турбайдың көп қан кету салдарынан көз жұмғанын айтты.

Полиция қылмыстық іс қозғады. Қанды қылмыс жасады деп алты адам күдікке ілінді. Олардың арасында 15 жастағы жасөспірім де бар.

Колумбия Президент Кандидат оқ
Кеше, 15:41 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 11:23 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 14:31 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 9:35 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар