Қырғызстан 5 сәуірден бастап ресейлік «Мир» карталарына қызмет көрсетуді тоқтатады
Қырғызстан 5 сәуірден бастап ресейлік «Мир» картасына қызмет көрсетуді тоқтатады. Мұндай шешім АҚШ-тың Ресейдің Ұлттық төлем карточкалары жүйесіне (ҰТЖЖ) – Мир карталарының операторына қарсы санкцияларына байланысты қабылданды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Қырғызстанның Elkart ұлттық төлем жүйесінің операторы жария етті.
"Мир" картасы Қырғызстанда 2019 жылдан бері жұмыс істейді.
Айта кетсек, наурызда аталмыш карта қызметі Арменияда да тоқтатылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: