Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 1,5 миллиард долларға дейін өст
Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 1,5 миллиард долларға дейін өсті. Екі елдің билігі алдағы уақытта бұл көрсеткішті 2 миллиард долларға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.Қырғызстанның Экономика және сауда министрі Данияр Амангелдиев Бішкекке келген Қазақстанның Қаржы министрі Мәди Такиевпен ресми келіссөздер жүргізді. Елдер арасындағы өзара сауда айналымы 1,5 миллиард долларға жеткені, тараптар бұл көрсеткішті 2 миллиард долларға жеткізуді жоспарлап отырғаны айтылған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.Мәди Тәкиев Қазақстанның Қырғызстанмен өзара іс-қимылды нығайтуға және кеңейтуге дайын екенін атап өтті. Ол Астанада жасалған «Одақтастық қарым-қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы келісім» мен «Инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісім» серіктестіктің дамуына ықпал ететінін айтты.
Мәди Тәкиев Қырғызстанға сапары барысында Қордай және Қарасу бекеттерінің жұмысын да тексерді. Ақпараттық жүйелердің жұмысына ерекше назар аударылды. Министр қырғыз кеденшілеріне тауарларды өткізу кезінде ықтимал бұзушылықтарды анықтауға көмектесетін тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің жұмысымен танысты.