Қырғызстанда 8 наурызда жұмыс істеп, Құрбан айтты 3 күн мерекелеу ұсынылды
Қырғызстан Парламентінің депутаттары 8 наурызда жұмыс істеп, Құрбан айтты 3 күн мерекелеуді ұсынды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ел Парламентінің депутаты Жалолидин Нұрбаев ұсынысын ҚР Жогорку кенеші Аграрлық саясат, су ресурстары, экология және өңірлік даму комитетінің отырысында жаңа Еңбек кодексі жобасын бірінші оқылымда қабылдау барысында жасады, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Мұнан бөлек, жаңа Еңбек кодексі жобасында демалыс болатын бірқатар мереке күнін қайта қарау көзделген.
Құжатта 23 ақпанды, 7 сәуірді, 7-8 қарашаны жұмыс күні деп есептеу, бірақ мереке деп санау ұсынылып отыр. Сонымен қатар Министрлер кабинеті мейрам демалыс күніне тура түскенде демалатын күндерді ауыстыру тәжірбиесінен бас тарту қажет деп санайды. Дегенмен, 1-7 қаңтар аралығында жаңажылдық, ал 1-9 мамыр аралығында мамыр мерекелері енгізілмек.