ЕуразияБүгін, 15:34

Қырғызстанда балаларды шетелдіктерге сатқан қылмыстық топ әшкереленді

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, адам саудасымен айналысқан қылмыстық схемаға үш адам қатысқан: Қазақстан азаматы, Қырғызстан азаматы және Израиль азаматы, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тергеу деректеріне сәйкес, 2024 жылдың қыркүйегінде Қазақстан азаматы Израиль азаматымен келісіп, Қырғызстан тұрғынынан үш баланы сатып алған. Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттер жасалып, оларды жалаңаш күйде суретке түсіріп, материалдар шетелге жіберілген.

Сонымен қатар аталған топ тағы екі балаға қамқоршылық рәсімдеп, оларға да осындай заңсыз әрекеттер жасағаны анықталған.

2025 жылғы 12 наурызда Бішкек қаласының соты айыпталушыларды кінәлі деп таныды. Қазақстан азаматы 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Қырғызстан азаматы 11 жылға сотталып, оның мүлкі тәркіленді.

қырғыз Бала сату Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар