Қырғызстанда Қамшы Көлбаевпен жақын байланыста болғандар жұмыстан шығарылды
Қырғызстанда мемлекеттік кеден қызметінің 50-ге жуық қызметкері марқұм Қамшы Көлбаевпен тығыз байланыста болғаны үшін жұмыстан қуылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі жариялады.
«Заңдағы ұры» Қ.Көлбаевтың кіммен жақын байланыста болғанын анықтау үшін жүргізіліп жатқан жоспарлы іс-шарада Қырғызстан қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кеден қызметінің ішкі ведомстволық бұйрықтарды бұзған жекелеген лауазымды тұлғалар анықталды.
Кеден қызметінің 50-ге жуық қызметкері атышулы қылмыс әлемінің серкесі болған Қ.Көлбаев және Мемлекеттік кеден қызметі төрағасының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимовпен жақын қарым-қатынаста болғаны үшін қызметінен шығарылды.
Алақол қызметкерлерді анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырады.