Еуразия16 қазан 2023, 22:00

Қырғызстанда Қамшы Көлбаевтың асыл тұқымды жылқылары тәркіленді

Қырғызстанда қылмыстық іс аясында жүргізілген жедел-іздестіруде құны $500 мыңдық асыл тұқымды жылқылар тәркіленді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Асыл тұқымды жылқылар таяуда арнайы операция кезінде өлтірілген Қамшы Көлбаевтікі болып шықты, деп таратты Қырғыстан ҰҚМК баспасөз қызметі.

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті «ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу» бабымен қылмыстық іс қозғап, тергеп жатыр.

Өзге де мүліктерді анықтау бағытындағы жұмыс істелінуде.

Айта кетсек, Бішкекте арнайы операция кезінде қылмыс әлемінің серкесі Қамшы Көлбаев қаза тапқан болатын. 

Тақырыпқа жаңалықтар