Қырғызстанда Тоқтағұл қаласының мэрі қамауға алынып, тергеліп жатыр
Кен орнын рейдерлік жолмен басып алуды ұйымдастырғаны және оны заңсыз пайдаланып, ұйымдасқан қылмыстық топпен байланысы үшін Тоқтағұл қаласының мэрі ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі жария етті.
ҚР ҰҚМК мемлекеттік орган қызметкерлерінің ұйымдасқан қылмыстық топпен байланысының алдын алу шарасында Тоқтағұл аумағындағы кварц кен орнын Тоқтағұл мэрі «Т.Э.А.» ҰҚТ мүшелерімен бірлесіп басып алғанын анықтады.
2022 жылы кен орны орналасқан айыл-окмот басшысы болып тұрған кезде «Т.Э.А.» кен орны басшысына кварцты өз пайдасына асыруды ұсынған. Келісім ала алмағандықтан белгісіз адамдарды, оның ішінде өзін Тоқтағұл қаласын «бақылаушы»,«Доо Чынгыз» лақап атымен таныстырған «И.Б.А.» арқылы қалағанына қол жеткізуге тырысқан. Ұрып-соғып, отбасы мүшелерін қорқытып, жеке кәсіпкерді кәсіпорынның үлесін өзіне беруге мәжбүрлеген және оны ұлы «Т.Э.А» атына тіркеген.
Кен орнында заңсыз кварц өндірісін және айналымын жүргізген. Одан түскен табысты ҰҚТ мүшесімен бірлесіп алып отырған. Өндірісте экологиялық және техникалық талаптар бұзылып, мемлекетке 74 млн сом шығын келген.
Тоқтағұл қаласының мэрі, оның ұлы мен ҰҚТ мүшесі ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.