Еуразия16 қаңтар 2024, 15:53

Қырғызстанда журналистердің үйі мен жұмыс орнын тінтіп жатыр

Полиция қызметкерлері интернет кеңістігіне жасалған мониторинг барысында «Айт Айт Десе» және «Темиров Live» парақшаларынан жаппай тәртіпсіздіктерге шақыратын ақпаратты анықтады, - деп хабарлайды Arbat.media Қырғызстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу қызметі тарапынан жан-жақты тексеру жүргізу мақсатында аталған дерек Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігінің бірыңғай реестріне тіркеліп, сот-лингвистикалық сараптама тағайындалды.

12 қаңтардағы сараптама қорытындысы бойынша «Айт Айт десе» және «Темиров Live» парақшалараныда жарияланған материалдарда наразылық пен тәртіпсіздікке шақыру белгілері бар екені анықталды.

ҚР ІІМ жедел-іздестіру қызметі тиісті тергеу амалдарын жүргізіп, ҚР ҚК 278-бап 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігінің жедел қызметтері бірнеше мекенжайда жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті соғыс насихаттау бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында Бішкектегі 24.kg ақпарат агенттігінің кеңсесіне тінту жүргізуді бастағаны хабарланған болатын.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Кабар» агенттігіне берген сұхбатында елде билікті күшпен ауыстыруға негіз жоқ екенін айтты.

Қырғызстан Журналистер тінту

Тақырыпқа жаңалықтар