ЕуразияБүгін, 18:42

Садыр Жапаровпен ЖИ арқылы «суретке түскен» блогер жазаланды

Бішкекте блогер Акумаға Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен жасанды интеллект арқылы жасаған суреті үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Сурет әлеуметтік желілерде кеңінен тарап кетті. Сонымен қатар, суретке Бішкек қаласының полициясы да назар аударды. Полицейлер қызды тауып, Октябрь аудандық сотына жеткізді. Сот оған 5 500 сом (32 мың теңгеден астам) көлемінде айыппұл салды.

Қырғыз адвокаты Шердор Абдыкапаров сот жеңіл шешім шығарғанын айтты. Оның айтуынша, мұндай бейнелер мазақ ету нысаны ретінде қарастырылып, жауапкершілікке тартылатын баптарға жатуы керек. Заңгер жасанды интеллект арқылы жасалған осындай арандатушылық әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

бішкек Президент Ақпарат ЖИ

Тақырыпқа жаңалықтар