Самарқанда жолаушылар мінген автобус жол апатына ұшырады
Самарқанда жолаушылар мінген автобус жол апатына ұшырады- деп хабарлайды Arbat.media.
Жол-көлік оқиғасы 22 қарашада сағат 11:50-де Ақдария ауданы аумағынан өтетін М-37 тас жолында болды, дейді Самарқанд облысы Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі.
Автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай жолдың бетон тосқауылына соғылған.
Автобустағы бір жолаушы қаза тауып, 17 азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіліп үйіне жіберілді.
Тергеу жүріп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: