Шенеуніктерге тойға баруға тыйым салынды
Қырғызстан Республикасының премьер-министрі Жапаров шенеуніктерге тойға баруға тыйым салды. Ақылбек Жапаров ел Президенті Садыр Жапаровтың барлық жарлықтары мен тапсырмалары сапалы әрі уақтылы орындалуы тиіс екенін еске салды. Осы орайда ол Президенттің той өткізу кезінде мал союға және ысырапшылдыққа тыйым салу туралы жарлығы төңірегінде сөз қозғады, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Егер бір жерде ысырапшылдық әрекеттерін байқасаңыз, ол жерге бармаңыз. Тойда жүрмеңдер», деді Ақылбек Жапаров.
Бұған дейін 24.kg басылымы жоғары аталған жарлыққа қол қойылғаны туралы хабарлаған еді.
Онда діни рәсімдер мен басқа да іс-шаралар кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу қағидалары көрсетілген.
Заңның мақсаты - Қырғызстан азаматтарының әлеуметтік және экономикалық өмір сүру деңгейін көтеру.