Еуразия3 қараша 2022, 21:12

Шымкентте балабақша меңгерушісі бюджет қаражатын ұрлаған

Шымкенттегі балабақша меңгерушісі балалардың сабаққа қатысу есебіне жалған мәліметтер енгізіп, бюджет қаражатын жымқырған, деп хабарлайды Arbat.media тілшісі

Заңсыз әрекет 2019 жылдан бастап, 3 жыл бойы жүргізіліп келген. Ол «Балапан» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруға бөлінген 19,3 миллион теңге бюджет қаражатын қалтасына басқан.

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті үш балабақша меңгерушісі болып қызмет еткен азаматшаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол кінәлі деп танылып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ал мемлекетке келтірілген 19,3 млн теңге залал толығымен өтелді.

 

Шымкент бюджет коррупция

Тақырыпқа жаңалықтар