Таиландта пойыз құрылыс кранына соғылып, 22 адам ажал құшты
Таиландта пойыз құрылыс кранына соғылып, 22 адам ажал құшты, деп хабарлайды Arbat.Media.
14 қаңтар күні таңертең Накхонратчасима провинциясындағы Сикхио ауданында, Бангкоктан шамамен 230 км қашықтықта, Бангкок – Убонратчатхани бағытымен келе жатқан жолаушылар пойызы құрылыс кранымен соқтығысты.
Апат салдарынан 22 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды. Бұл туралы шетелдік және жергілікті БАҚ мәлімдеді.
Алдын ала тергеу мәліметтері бойынша, кран пойыз келерден сәл бұрын ғана құлаған. Пойыз дер кезінде жылдамдықты тежей алмай, құрылыс нысанына соғылған. Соның салдарынан қосымша бөлшектер құлап, бірнеше вагон рельстен шығып кеткен. Сондай-ақ пойызда өрт шыққан. Жалын тез арада сөндірілген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: