Ташкентте қызын мас шешесі аяусыз ұрып-соққан
Әлеужеліде гүл дүкенінде гүл сұрап жатқанда В.А.-ның мас күйінде қызы В.И.-ды балағаттап, ұрып-соғып жатқаны туралы видеохабарламалар тарады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл турлы Өзбекстан балалар омбудсменінің ресми Telegram-каналы жария етті.
Балалар омбудсмені дүкенде анасынан таяқ жеген қыздың жағдайына қатысты ресми мәлімдеме жасады.
Оқиға Мырза Ұлықбек ауданы «Оқибат» мөлтек ауданындағы Марказ-1 орамында орналасқан дүкенде болғаны анықталды. Сол жерде болған азаматтар оқиғаны видеоға түсіріп, таратқан.
Бұл жағдай бірден Балалар омбудсменінің бақылауына алынды. В.А.-ның әрекетін бағалауға байланысты аудандық ІІБ тарапынан тергеу жүргізілуде.
Балалар омбудсменінің айтуынша, анасының мұндай зорлық-зомбылығынан зардап шеккен қыз Ташкент қаласындағы кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-құқықтық қорғау орталығына орналастырылған.
Әйелді аналық құқығынан айыру мәселесі қаралуда.