Тәжік мигранттар Ресей Федерациясынан жаппай кетіп жатыр
Тәжікстаннан келген мигранттар Ресей Федерациясынан жаппай кетіп жатыр. Бұл лаңкестік әрекеттен кейінгі қауіптерге байланысты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Тәжікстан азаматтары Ресей Федерациясына алған билеттерін жаппай тапсыра бастады, ал қазірдің өзінде Ресейде жүргендер кеткісі келетінін айтып, билікке жүгінуде.
Бұл туралы ТАСС агенттігіне Тәжікстан еңбек министрінің орынбасары Шахноза Нодири хабарлады.
Оның айтуынша, министрлікке «көп қоңыраулар түседі» және «Ресей Федерациясынан Тәжікстанға келетіндерге қарағанда кетіп жатқандар көбірек».
Шенеунік Ресейде тәжік азаматтарына күнделікті тұрмыста қысым көрсету жағдайлары тіркелгенін, ал елдің Еңбек министрлігінің Ресей Федерациясындағы өкілдігіне Crocus City Hall-да болған терактіден кейін қоқан-лоққы хабарламалар келіп түсіп жатқанын атап өтті.