Еуразия3 қаңтар 2024, 8:00

Түркіменстанда 2024 жылы туған тұңғыш нәрестеге Аркадаг есімі берілді

Жаңа жыл қарсаңында Түркіменстанда 2024 жылдың тұңғыш перзенті дүниеге келді. Жаңа туған нәрестеге ата-анасы Аркадаг деп ат қойыпты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы «Бейтарап Түркіменстан» газеті хабарлайды.

Сәбидің ата-анасы Түркімен халқының ұлттық көшбасшысы, Халық мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің бастамасымен салынған жаңа «ақылды қалада» дүниеге келген тұңғыш бала атанған ұлының есімін таңдауда еш қиналмады.

Баланың ата-анасына Президент Сердар Бердімұхамедов пен Түрікмен халқының ұлттық көшбасшысы атынан сыйлықтар табыс етілді. Сыйлықтармен бірге жаңа туған нәресте мен оның отбасына құттықтаулар мен бақытты өмір, денсаулық пен амандық тілектер айтылды.

 

Түркіменстан аркадаг нәресте Жаңа жыл

Тақырыпқа жаңалықтар