Түркіменстанда мектеп пен балабақшада жаңажылдық мерекеге тыйым салынды
Түркіменстанда мектептер мен балабақшаларда жаңажылдық мерекеге тыйым салынды, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Хроника Туркменистана» басылымының жазуынша, биыл мұғалімдер мен тәрбиешілер балаларды қалалық шыршаға апарады.
Айтуларынша, жергілікті билік әкімшілік ғимараттар мен кеңселердің алдына шырша орнатуға рұқсат бермей отыр. Жаңа ережелерге хьякимліктер әлі түсініктеме берген жоқ.
Ашхабадта жаңа жылдық шыршалар ресми түрде тек үш жерде – «Әлем» мәдени-сауық орталығының алдында, «Ылхам» саябағында және цирк ғимаратының алдына орнатылған. Архадаг қаласының орталығында бір шырша орнатылды. Астанада хаттамалық көшелердің белгілі бір бөліктері ғана гирляндалармен безендірілген. Велаят орталықтарында 1-2 шырша орнатылған.
Биыл Түркіменстанда діни ағымдар Жаңа жыл қарсаңында күшейе бастады – имамдар мешіт жамағаттарын «мұсылмандарға жат мейрамды» тойламауға шақырды, базарларда шошқа етін сатуға шектеу қойылуда, жаңа жылдық шыршалар сирек орнатылды.
Ал Түркіменстан халқы Жаңа жылды қарсы алуға дайындалып жатыр. Саудагерлер полицейлердің 31 желтоқсан күні кешкі сағат 22.00-ден кейін ішімдік сатуға тыйым салынатынын тағы да ескерткеніне шағымданады.
Ашхабадта екі полиция өкілі тұрғын үйлердегі үйлерді аралап, халыққа жаңа жылдық мерекелер кезінде тәртіпті сақтауды ескертуде.