Түркия Қырғызстанның 62,3 миллион доллар қарызын кешірді
Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз қызметі
Qırğız Respwblïkası Prezïdentiniñ Baspasöz qızmeti
Еуразия6 қараша 2024, 13:23

Түркия Қырғызстанның 62,3 миллион доллар қарызын кешірді

Түркия Қырғызстанның 62,3 миллион доллар қарызын кешірді. Бұл туралы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Бішкекке мемлекеттік сапармен барған Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөздер қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. «Президент Ердоғанға Қырғызстанның Түркия алдындағы сыртқы қарызын өтеу туралы шешім қабылдағаны үшін үлкен алғысымды білдіремін», деді Садыр Жапаров, - деп хабарлайды Arbat.media.

Түркия «жасыл» экономика жобаларын жүзеге асыру үшін Қырғызстанның 62,3 миллион доллар көлеміндегі сыртқы қарызын кешіргені атап өтілді.

Айта кетейік, іссапар нәтижесінде екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтуге және мемлекетаралық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бағытталған 19 екіжақты құжатқа қол қойылған.

Естеріңізге сала кетейік, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қырғыз Республикасында мемлекеттік сапармен жүр. 6 қарашада Түркия басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр.

Түркия Қырғызстан 62,3 миллион доллар Кешірім Қарыз

Тақырыпқа жаңалықтар