Еуразия3 қазан 2025, 9:32

Түркияда жер сілкінді

Түркияның Мәрмәр теңізі жағалауында магнитудасы 5,0 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 14:55-те Текирдаг провинциясының Мармара Эреглиси қаласы маңындағы Мармара теңізі жағалауында магнитудасы 5,0 балл жер сілкінісі тіркелді. Түркияның ең ірі қаласы Стамбұлда жер сілкінісінің дүмпуі сезілген.

Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы (AFAD) мен сейсмологиялық бақылаумен айналысатын Кандилли обсерваториясы хабарлады.

түркия жер сілкінді Апат Табиғи
15 қараша 2025 Қазақстан жаңалықтары
15 қараша 2025 Қазақстан жаңалықтары
15 қараша 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар