ЕуразияБүгін, 18:18

Ұлттық ұланның лейтенанты Түркия президентінің қолынан диплом алды

Ұлттық лейтенанты Асхат Сұлтанахмет Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның қолынан диплом алды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді. Асхат Сұлтанахмет Анкарадағы Жандармерия және жағалау күзеті академиясын тәмамдады. Одан өзге тағы сегіз жас офицер осы оқу орнының дипломын алды.

«Түркия тарапының ресми шақыруы бойынша салтанатты рәсімге еліміздің құқықтық тәртіп әскерінен арнайы делегация қатысты. Делегацияны Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков бастап барды», деп хабарлайды Ұлттық ұлан.

Ердоған түркия Ұлттық ұлан лейтенант

Тақырыпқа жаңалықтар