Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс: 70 адам қаза тапты
Пәкістан билігінің мәліметінше, 7 мамыр күні таңертеңгі жағдай бойынша үндістандықтардың ел аумағына жасаған соққылары салдарынан 70 адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.media.
Соққылар алты азаматтық нысанаға тиген, олардың ешқайсы әскери база емес. Үндістан бұл соққылардың тек «белгілі лаңкестердің лагерлеріне» бағытталғанын алға тартады.
Пәкістан қорғаныс министрлігінің өкілі әскерилер Үндістанның бес жойғыш ұшағын атып түсіргенін айтты. Үндістан билігі бұл ақпаратты растамайды. Дереккөздердің айтуынша, Кашмир аумағында Үндістан әуе күштерінің үш ұшағы құлаған.
Үндістанның NDTV телеарнасының мәліметінше, шабуылдардың мақсаты –Үндістанның бақылауындағы Кашмир аймағында жуырда болған туристердің жаппай өліміне қатысы бар топтарды жою болған.
«Үндістан тоғыз нысанға 24 зымырандық соққы жасап, 70 содырдың көзін жойды», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні Үндістан мен Пәкістан арасында қарулы қақтығыс болды.