ЕуразияБүгін, 10:11

Үндістанда сел апатынан 24 адам қаза тапты

Үндістанда сел апатынан 24 адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Батыс Бенгалия штатында толассыз жауған жаңбырдың кесірінен Дарджилинг қаласында сел жүріп, кемінде 24 адамның өмірін жалмады. Табиғи апат бірнеше үйді қиратып, жолдарды жауып тастаған.

Жергілікті билік нөсерден кейін бірқатар аумақта көшкін жүргенін растады. Қауіптің алдын алу үшін танымал туристік нысандар уақытша жабылды.
Айта кетейік, қыркүйек айында Үндістанның Дехрадун аймағында да нөсер жауын мен көшкіннен 17 адам қаза тапқан еді.

Үндістан сел Қаза Апат
Кеше, 14:16 Қазақстан жаңалықтары
4 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 17:45 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 15:08 Қазақстан жаңалықтары
4 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар