Еуразия19 қазан 2025, 11:45

Ұшақта литий батареясы өздігінен тұтанып кетті

Air China әуе компаниясының ұшағы Шанхайда шұғыл қонды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Air China компаниясына тиесілі Ханчжоу – Инчхон бағытындағы әуе рейсі борттағы төтенше жағдайға байланысты Шанхай қаласының Пудун әуежайына шұғыл қонды.

Компанияның мәліметінше, жолаушылардың бірі алып жүрген қол жүгіндегі литий батареясы өздігінен тұтанып кеткен. Экипаж белгіленген қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес шұғыл әрекет етіп, өртті дер кезінде сөндірген. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Шанхай Апат Төтенше жағдай Ұшақ
10 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
10 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
10 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
9 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар