Әлем27 желтоқсан 2025, 13:33

56 көлік соқтығысып, 1 адам көз жұмды

Жапонияда 56 көлік соқтығысып, оқиға орнында өрт шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Минаками қаласы маңындағы Канэцу автомагистралінде жүріп келе жатқан ауыр жүк көлігі тайғанап кетіп, жолдың ортасында тоқтап қалған. Артынан келе жатқан жеңіл көліктер соған соғылып, соның салдарынан өрт шыққан.

Жапон БАҚ дерегінше, ірі жол апатынан 1 адам қаза тауып, кемінде 26 адам жарақат алған.

Жапония Көлік Апат Адам
18 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
18 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар