Әлем•Бүгін, 14:42

Мысырда екі пойыз соқтығысып, жеті адам қаза тапты

Мысырда екі пойыздың соқтығысуы салдарынан кемінде жеті адам көз жұмды. Қаза тапқандардың арасында пойыздардың бірінің машинисі де бар. Тағы кемінде 100 жолаушы жарақат алған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Апат Гиза мен Каир қалаларынан оңтүстікке қарай болған. Соқтығыс салдарынан бірнеше вагон рельстен шығып, теміржол жағасындағы биіктіктен құлаған.

Қазір құтқарушылар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Египет президенті Абдул-Фаттах әс-Сиси апаттың себептерін анықтау үшін тергеу жүргізуді тапсырды.

Екі пойыз машинист Құтқарушылар оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар