Алапат өрт 6 адамның өмірін жалмады
Түркияда парфюмерия қоймасынан шыққан өрттен алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Түркияның солтүстік-батысындағы Коджаэли провинциясының Дильовасы өнеркәсіп аймағында парфюмерия және косметика өнімдері сақталған қоймада ірі өрт болды.
Төтенше жағдай таңертең жанғыш химиялық заттар сақталған қоймада басталған. От жылдам таралып, ғимарат толықтай өртеніп кеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт салдарынан 6 адам қаза тауып, тағы бір адам жарақат алған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: