ӘлемБүгін, 9:26

Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз өткізді

Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз өткізді, деп хабарлайды Arbat.Media.

АҚШ Украинаға «Томагавк» зымырандарын беруге әзірге дайын емес. Сондай-ақ Вашингтон Киевке қауіпсіздік кепілдігін де ұсынбады. Кеше Ақ үйде өткен Дональд Трамп пен Владимир Зеленскийдің келіссөздері нәтижесіз аяқталды.

Кездесуден кейін АҚШ президенті әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жариялап, Украина мен Ресейді қазіргі майдан шебінде атысты тоқтатуға шақырды. Айта кетейік, Зеленскийді қабылдар алдында Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен.

Кремльдің хабарлауынша, екі ел басшылары алдағы екі аптада Венгрия астанасы Будапештте кездесуі мүмкін.

трамп АҚШ Келіссөз Зеленский

Тақырыпқа жаңалықтар