АҚШ барлау қызметі: Ресей Украинамен соғыста 315 мың адамынан айырылды
АҚШ барлау қызметінің мәліметінше, Ресей Федерациясы Украинамен соғыста 315 мың адамынан айырылған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ресейдің Украинамен соғысындағы шығыны 315 мың адам қаза тауып, жараланды. Бұл туралы Reuters және CNN америкалық барлау деректеріне сілтеме жасап хабарлады.
Барлау деректерімен таныс басылым көздері ресейлік қарулы күштердің жеке құрам мен техникадағы шығыны «елдің әскери модернизациясын 18 жылға артқа тастады» деп мәлімдейді.
Осылайша, барлау мәліметтері бойынша, Украинаға қарсы кең ауқымды соғыс басталғанға дейін Ресей Федерациясында 3500 танк болды, оның 2200-і жойылды.
Ресей әскерлері 13600 жаяу әскері мен бронетранспортерлерінің үштен бірінен дерлік айырылды.
Сонымен қатар, АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Адриен Уотсон 2023 жылдың қазан-қараша айларында ғана Ресей армиясы Авдиевка маңындағы шабуыл кезінде 13 мың адам қаза тауып, жараланғанын, сондай-ақ 220-дан астам броньды техникасын жоғалтқанын хабарлады.
Соғыс жағдайында бұл сандарды ресми дереккөздерден тексеру мүмкін емес. Ресей мен Украина өз шығыны туралы мәлімет бермейді, - деп жазады DW.